• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №191

300 рет
көрсетілді

2015 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге  дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республика­сының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАСЫМОВ Қ.Н. __________________ 2015 жылғы 10 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ШКОЛЬНИК В.С. __________________ 2015 жылғы 14 маусым Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №191 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу қағидалары «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында (бұдан әрі - ААҰ) авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жанар-жағармай материалдары қызметі немесе дербес заңды тұлға - авиаотынымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ЖЖМҰ) қамтамасыз етеді. 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар: 1) авиаЖЖМ – авиациялық техниканы пайдалану кезінде қолданылатын барлық маркалы отын, май, жағармай және арнаулы сұйықтықтардың жалпы атауы; 2) сапа паспорты – авиаЖЖМ сапасының көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың оң нәтижелері кезінде ЖЖМ зертханасы беретін құжат және қоймаға қабылданған өнім белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігін және азаматтық авиацияның әуе кемелеріне құюға беруге жарамды екендігін растайды; 3) авиаЖЖМ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (бұдан әрі - авиаЖЖМ НҚ) – авиаЖЖМ саласындағы қызметке нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды немесе оның нәтижелеріне қатысты белгілейтін құжаттар. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу тәртібі 1-параграф. АвиаЖЖМ және арнаулы сұйықтықтарды сақтау 4. ЖЖМҰ-да авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықты сақтау авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтар қоймаға түскен және қабылданған сәттен бастап жүзеге асырылады. 5. Келіп түскен авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтар ААҰ-ның қабылдау немесе шығыс резервуарларында және ыдыс қоймаларында сақталады. Кондициялық авиаЖЖМ және арнаулы сұйықтықтарды сақтау мерзімі ӘК-ге құю үшін ағымдағы қажеттіліктермен немесе резервті құру қажеттілігімен айқындалады. Резервтік сақтау мерзімі өндіруші зауыттың авиаЖЖМ НҚ-де айтылған сақтаудың кепілдік мерзімі шегінде белгіленеді. 6. Ашық зауыт ыдысындағы авиаЖЖМ-ге сақтаудың кепілдік мерзімі қолданылмайды. Пластикалық жағармайларды ашық 150-200 литрлік бөшкелерде сақтауға мұқият араластырылғаннан кейін әр үш ай сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаның 5-бағанына сәйкес көрсеткіштер бойынша сапаны тұрақты бақылай отырып, дайындаған сәттен бастап 2 жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі. 7. АвиаЖЖМ-ды кепiлдiк мерзiмi iшiнде сақтау кезiнде жеңiл фракциялардың ұшуы, ластануы немесе авиаЖЖМ-нің басқа түрлерiмен (маркаларымен) араласуы, зауыттық ыдыстың тұмшалануының бұзылуы есебiнен олардың сапасын өзгеру шарттары ескерiлмейді. АвиаЖЖМ-нің сапасы мен санын сақтау технологиялық жабдықтың уақтылы қызмет көрсетуін сақтаумен, кондициялық емес авиаЖЖМ-ді бөлек сақтауды жүзеге асырумен, резервуарлардан еркін су мен ластауды жоюмен, авиаЖЖМ тазалығының деңгейін бақылаумен, тұмшаланған ыдыстың жай-күйін айына кем дегенде бір рет тұрақты қараумен қамтамасыз етіледі. 8. Резервуарларға қабылданған авиаЖЖМ тұндырылуға жатады. Тұндыруға қажеттi уақыт салмаққа құю деңгейіне және ластану дисперсиялылығына байланысты болады. Авиациялық отынды құюдың әр метрiне ең аз дегенде 4 сағат, ал авиациялық бензинге 2 сағат тұндыру уақыты талап етiледi. 9. Сақтау кезінде авиаЖЖМ сапасының сақталушылығы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиаЖЖМ сапасын тұрақты бақылаумен расталады. 10. Қоймалық бақылау нәтижелерi қанағаттанған кезде авиаЖЖМ одан әрі сақталуға немесе құюға беруге жатады. Сапа паспортында талдау жүргізілген күн туралы белгі қойылады. АвиаЖЖМ НҚ шегінде сапаның тексерілетін көрсеткіштерінің біреуі немесе бірнешеуі өзгерген жағдайда, көрсеткіштердің өзгерген мөлшерлері сапа паспортына енгізіледі. 11. Талдаудың қанағаттанарлықсыз нәтижесiн алған кезде, өнiмдi қолдану жағдайларын анықтау үшiн сынамалар іріктеп алынады және қосымша талдау жүргізу үшін олар азаматтық авиацияның базалық зертханасына жiберіледі. 12. Сақтау мерзімі аяқталғанға дейін авиаЖЖМ стандарттарда немесе техникалық талаптарда белгіленген сақтау шарттарын орындау кезінде ыдыста тұмшалануын сақтаған авиаЖЖМ құюға жіберіледі. 13. Сақтаудың кепiлдiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн ораманың тұмшалануы бұзылған немесе өнiмнiң бүлiнгендiгiне күдiк болған кезде сынамалар іріктеп алынады және олар азаматтық авиацияның базалық зертханасына, ал қажет болған кезде тәуелсіз зертханаға зерттеуге жiберіледі. АвиаЖЖМ өткізу туралы шешiм азаматтық авиацияның базалық зертханасының, не тәуелсіз зертхананың қорытындылары және ұсынымдары негізінде қабылданады. Шешiм қабылдағанға дейiн авиаЖЖМ жеке резервуарда сақталады және оның коммуникацияға түсу немесе құю үшін ыдыста беру мүмкiндiгiн болдырмайтын шаралар қабылданады. 2-параграф. АвиаЖЖМ-н құюға беруге дайындау 14. АвиаЖЖМ-н құюға беруге дайындау жөніндегі операциялар кешені оның сапасын өнім берушіден қабылданған сәттен бастап әуе кемелеріне құюға дейін ұстауға арналған. 15. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтарды беруге дайындау ерекшеліктері осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген. 16. Кондициялық өнім ретiнде ӘК жүйелерiнде авиаЖЖМ-ды құюға беруге жіберу үшiн негiздер құжаттармен расталған олардың авиаЖЖМ-нің осы маркасын дайындау авиаЖЖМ НҚ сәйкестігі құжаттамалық растау, зертхананың оң қорытындысы, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес олардың операциялық дайындауынан өтуі болып табылады. 17. АвиаЖЖМ сапасы мен кондициялығын растайтын құжаттар дайындаушының паспорты және сәйкестік сертификаты, ал құю көлiгімен немесе құбыржолдар бойынша жеткiзiлетiн авиаЖЖМ сол үшiн сапа паспорты мен бақылау талоны болып табылады. 18. Дайындаушының авиаЖЖМ паспорты авиаЖЖМ-нің осы маркасын дайындауға авиаЖЖМ НҚ кіретін физика-химиялық және пайдалану көрсеткiштерiнiң толық кешенi көлемiндегі талдау нәтижелерiн және өнiмінiң осы партиясының авиаЖЖМ НҚ сәйкестiгi туралы қорытындыны қамтиды. Дайындаушының паспорты мен жеткізілетін авиаЖЖМ-нің сәйкестік сертификатын ұсынған авиаЖЖМ өнім берушісі авиаЖЖМ НҚ айтылған өнімнің сапасы мен сақталуын, сондай-ақ айтылған сақтау және тасымалдау шарттары сақталған кезде жарамдылық мерзімі үшін жауапты болады. 19. Сапа паспорты ЖЖМҰ-ның ішкі құжаты болып табылады және қоймаға қабылданған авиаЖЖМ белгіленген авиаЖЖМ НҚ-н сәйкестігін және АА ӘК-ге құюға беруге жарамдылығын растайды. Сапа паспортын авиаЖЖМ сапасының көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың, өнімге ілеспе құжаттаманы талдаудың оң нәтижелері кезінде ЖЖМ зертханасы береді. Сапа паспорты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құю құралдарына авиаЖЖМ беру жүзеге асырылатын әрбір резервуарға ресімделеді. Беруге жарамдылығы туралы қорытындылары жоқ құю өнімдерін әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) жүйелеріне құюға жол берілмейді. 20. Бақылау талоны әрбір құю құралына және оның ыдысынан немесе ол арқылы ӘК жүйесiне тартылатын авиаЖЖМ-ға берiледi. Бақылау талоны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. Бақылау талонын ресімдеу үшін негіз Сапа паспортының қорытындысы және өнім тазалығын бақылау нәтижелері және құю құралының дайындығы болып табылады. Бақылау талоны ӘК-ге авиаЖЖМ құю үшін ресми құжат болып табылады. Бақылау талондарын беру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау талондарын беру журналында тіркеледі. 21. Темiржол, теңiз (өзен), автомобиль көлiгiмен немесе құбыржол бойынша түсетiн авиаЖЖМ-ды құюға беруге дайындау бойынша операция: 1) тасымалдау құралдарынан құюды; 2) резервуарларда сақтауды; 3) сүзу және су бөлуді; 4) сапасы мен тазалығын бақылауды; 5) қоймааралық және қоймаішілік тартуларды; 6) құю құралдарына және орталықтандырылған құю жүйесінің жүйесiне беру; 7) судың кристалдануына қарсы сұйықтықтарды (бұдан әрі – СКҚ сұйықтығы) авиациялық керосинге мөлшерлеп енгізуді қамтиды. Технологиялық жабдықтар мен техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі регламенттік жұмыстарды жүргізу жоғарыда көрсетілген операциялардың құрамдас бөлігі болып табылады. 22. Зауыт орамасында түскен авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтарды (гидрожүйелерге арналған жұмыс сұйықтықтарын, пластикалық жағармайлар мен майларды және басқаларды) құюға беруге дайындау бойынша операция: 1) ыдыстық үй-жайды, қабылдау және сақтау орындарын дайындауды; 2) зауыттық орамада сақтауды; 3) сақтаудың кепiлдiк мерзiмi iшiнде тұтынушыға өтінім бойынша беруді қамтиды. 23. Дайындау бойынша операцияны толық көлемде өтпеген авиаЖЖМ-ні құюға беруге жол берілмейді. 24. АвиаЖЖМ-н әуе кемелеріне құюға беруге дайындау бойынша технологиялық операцияларды жүргізу тәртібі осы Қағидалар және ЖЖМҰ қызметін регламенттейтін құжаттар негізінде әзірленген ААҰ-ның жұмыс технологиясымен және технологиялық нұсқаулықтарымен айқындалады. 3-параграф. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың сапасын бақылау 25. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың сапасын зертханалық бақылауды ЖЖМ зертханасы жүргізеді. 26. Жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылуына байланысты ЖЖМ зертханалары: 1) базалық зертхана; 2) 1-ші, 2-ші, 3-ші сыныптағы зертханалар болып бөлінеді. 27. ЖЖМ-нің базалық зертханасы мынадай жұмыстарды жүзеге асырады: 1) ААҰ-ның басқа ЖЖМ зертханалары бойынша авиаЖЖМ-нің бақылау сынамаларын талдау нәтижелерін салыстыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; 2) оған бекітілген ЖЖМ зертханаларының авиаЖЖМ сапасын зертханалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік нұсқау; 3) ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп авиаЖЖМ сапасын бақылау жөнінде құжаттарды (нұсқаулықтар, қағидалар, әдістемелер, оқулықтар, химмотология бойынша ақпараттық парақтар және т.б.) әзірлеу; 1-ші сыныптағы ЖЖМ зертханасы үшін көзделген көлемде авиаЖЖМ сапасын бақылауды орындау; 5) ААҰ-ның өтінімдері бойынша ЖЖМ зертханаларының персоналын (техник-зертханашыларды) оқыту және тағылымдамадан өткізу; 6) дербес жұмысқа жіберу мүмкіндігі туралы қорытындымен сынақ қабылдай отырып, ААҰ-ның ЖЖМ зертханаларының басшы инженерлерін оқыту және тағылымдамадан өткізу; 7) авиаЖЖМ сапасын бақылау мәселелері жөнінде ААҰ-ға бекітілген өтінімдер бойынша ЖЖМ қызметінің қызметкерлерін оқыту; 8) ААҰ-ға келіп түсетін авиаЖЖМ сапасының жекелеген көрсеткіштері бойынша арбитраждық зерттеулер жүргізу; 9) ЖЖМ сапасына әуеайлақтық бақылау жүргізуді әдістемелік нұсқау; 10) нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген көрсеткіштер бойынша ӘК жүйелерінен авиаЖЖМ-ге (тиісті қызметтердің сынамаларды беруі бойынша) талдау жүргізу; 11) қажет жағдайларда авиаЖЖМ сынамаларын және басқа да объектілерді дайындау және азаматтық авиация саласында уәкілетті орган болып танылған ұйымға немесе уағдаластық бойынша шет елдердегі ЖЖМ-нің базалық зертханасына талдауға жіберу; 12) авиаЖЖМ сапасының нашарлау себептерін талдау және олардың бүлінуін болдырмау жөнінде іс-шаралар әзірлеу. 28. ААҰ-ның 1-ші сыныптағы ЖЖМ зертханасы мынадай жұмыс түрлерін жүзеге асырады: 1) авиациялық техникаларды пайдалану кезінде қолданылатын авиаЖЖМ-ге талдау жүргізу; 2) 2 және 3-ші сыныптағы бекітілген зертханалары бойынша талдаулар нәтижелерінің қайтарымдылығын салыстыруды жылына кем дегенде бір рет жүргізу; 3) авивЖЖМ сапасын зертханалық және әуеайлақтық бақылау мәселелері жөнінде бекітілген зертханаларды, тіркелген әуеайлақтарды әдістемелік нұсқау және техникалық көмек көрсету; 4) ЖЖМ қызметі қызметкерлерін авиаЖЖМ сапасын әуеайлақтық бақылау әдістемелерінің талаптарын орындауға оқыту; 5) авиаЖЖМ сынамаларын базалық зертханаға талдауға дайындау және жіберу (қажеттілігіне қарай); 6) нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген көрсеткіштер бойынша ӘК жүйелерінен авиаЖЖМ-ге (тиісті қызметтердің сынамаларды беруі бойынша) талдау жүргізу; 7) ААҰ-ның өтінімдері бойынша ЖЖМ зертханаларының персоналын (техник-зертханашыларды) оқыту және тағылымдамадан өткізу. 29. 2-ші сыныптағы ЖЖМ зертханасы: 1) авиациялық техниканы пайдалану кезінде қолданылатын авиаЖЖМ-ге талдау жүргізуді; 2) авиаЖЖМ сапасын зертханалық бақылау және оларға техникалық көмек көрсету мәселелері жөнінде бекітілген зертханаларды, тіркелген әуеайлақтарды әдістемелік нұсқауды; 3) ЖЖМ қызметі қызметкерлерін авиаЖЖМ сапасын зертханалық және әуеайлақтық бақылау әдістемелерінің талаптарын орындауға оқытуды; 4) ААҰ ЖЖМ қоймасына келіп түсетін, сақталатын және берілетін авиаЖЖМ сапасының жай-күйін есепке алуды; 5) авиаЖЖМ сынамасын (қажеттілігіне қарай) дайындауды және осы зертхана бекітілген зертханаға талдауға жіберуді жүзеге асырады. 30. 3-ші сыныптағы ЖЖМ зертханасы мыналарды жүзеге асырады: 1) ААҰ-да қолданылатын авиаЖЖМ-ге талдау жүргізу; 2) авиаЖЖМ сапасына әуеайлақтық бақылау жүргізуді әдістемелік нұсқау; 3) сынамаларды іріктеп алу, дайындау және осы зертхана бекітілген ЖЖМ зертханасына талдауға жіберу; 4) келіп түскен өнім маркасының тиеу-жөнелту құжаттарында көрсетілген маркаға сәйкестігін белгілеу мақсатында авиаЖЖМ келіп түскен кезде сапасына кіріс бақылауды жүргізу. 31. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың сапасын бақылау түрлері: кіріс, қабылдау, қоймалық және әуеайлақтық. 32. Кiріс бақылауы кез келген көлiк түрімен жеткiзiлген дайындаушыдан (өнім берушіден) түскен авиаЖЖМ-ның әр партиясын қоймаға қабылдау кезiнде жүргізіледі және: 1) түсетiн көлiк құралдары мен ыдыстардың сәйкестiгiн, сондай-ақ ондағы өнiм санының ілеспе құжаттамаға сәйкестігін анықтауға; 2) келіп түскен құйылатын авиаЖЖМ-ның тазалығын бағалауға арналған. Кiріс бақылауының нәтижелерi бойынша түскен өнiмдi қоймаға қабылдау туралы шешiм қабылданады, ол резервуарлық журналға және/немесе ауысымды тапсыру журналына жазылады. 33. Құйылатын авиаЖЖМ-ды қабылдау бақылауы өнiм партиясын қабылдауды аяқтағаннан кейін және резервуарға басқа партия өнiмiн үстемелеп құйғаннан соң жүргізіледі. Қабылдау бақылау: 1) осы резервуардағы өнiмнiң маркасын тексеруге; 2) қоймаға тасымалдау немесе қабылдау процесінде оны авиаЖЖМ түрлерімен немесе маркаларымен немесе химиялық заттармен араластыруға жол берілмеген басқалармен араластыру нәтижесінде кондиционерлік емес авиаЖЖМ-нің технологиялық процесіне тарту мүмкiндiгiн болдырмауға арналған. Қабылдау бақылауға осы Қағидаларға 1-қосымшаның 5-бағанына сәйкес авиаЖЖМ-нің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау және оның тазалық деңгейін белгілеу кіреді. Құю көлiгінде келіп түскен авиаЖЖМ-ды қабылдау бақылаудың қанағаттанарлық нәтижелерi кезінде осы резервуардағы өнім Сапасының паспорты қалыптастырылады. Сапа паспорты оны сақтаудың кепілдік мерзімі шегінде резервуардан тексерілген өнімді жаратқанға дейін, бірақ авиациялық отындар, майлар үшін бір жылдан астам емес және СКҚ сұйықтықтары үшін алты айға жарамды болады. Қабылдау бақылау нәтижелері бойынша резервуардағы өнімнің беруге жарамдылығы туралы шешім қабылданады. 34. Қоймалық бақылау авиациялық отын мен авиациялық майлар алты ай сақталғаннан кейін және осы резервуарда СКҚ сұйықтығы үш ай сақталғаннан кейiн жүргiзiледi. Қоймалық бақылау: 1) сақталатын өнiм сапасының өлшемдерінің өзгеру деңгейiн анықтауға; 2) өнiмнiң одан әрі сақталу немесе қолданылу мүмкіндігін растауға арналған. Қоймалық бақылауға авиаЖЖМ-нің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау және оның тазалық деңгейін белгілеу кіреді. Қойма бақылау нәтижелері бойынша сақтауға жарамдылығы немесе өнімді осы резервуардан құюға беру туралы шешім қабылданады. Қоймалық бақылаудың қанағаттанарлық нәтижелері кезінде талдау жүргізу күні көрсетіле отырып, қолданыстағы Сапа паспортына белгі қойылады. Көрсеткіштердің өзгерген мөлшерлері де Сапа паспортына енгізіледі. 35. Әуеайлақ бақылауы шығыс резервуарынан және нақты құю құралының ыдысынан өнімді қабылдауға жарамды авиаЖЖМ-ді құюға беруге дайындығын растайды. Әуеайлақ бақылауының қанағаттанарлық нәтижелері кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша бақылау талоны ресімделеді. Бақылау талоны осы құю құралы арқылы дайын тұрған авиаЖЖМ-ді ӘК-ге құюға беруге рұқсат берілгендігін растайды. Бақылау талонының жарамдылық мерзімі-шығыс резервуарынан өнімді жұмсау мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ өнімнің осы партиясының Сапа паспортының қолданылу мерзімінен астам емес. 36. Олардың сапасының өзгеру мүмкіндігіне күдік туындаған кезде (сақтау талаптарын сақтамау, жабдықтардың техникалық сипаттарының нашарлауы, қызмет көрсетудің регламенттік мерзімдерін сақтамау) авиаЖЖМ-ді сақтау процесінде немесе қолдануға дайындау кезеңінде ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметі басшысының шешімі бойынша сапасын бақылау мерзімінен бұрын жүргізіледі. Бұл жағдайда, сынаманы іріктеп алу орнын және сапаның бақыланатын көрсеткiштер тiзбесін ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметі басшысы белгілейді. 37. Қоймаға келіп түскен авиаЖЖМ сапасының авиаЖЖМ НҚ талаптарына сәйкес келмеу немесе сапаның жасырын тапшылығы анықталған кезде ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметі басшысының өтінімі бойынша төрелік бақылау жүргізіледі. Төрелік бақылауды әр жағдайда көрсеткiштердiң белгiлi тiзбесі бойынша ААҰ-ның ЖЖМ базалық зертханасы орындайды. Бақылау нәтижелері бойынша ААҰ-ның ЖЖМ базалық зертханасы өнімді қолдану шарттары туралы қорытындысы бар төрелік талдауды береді. 38. ӘК жүйелерiнен авиаЖЖМ сапасын бақылау нақты әуе кемесінде нормативтік-техникалық құжаттамалармен белгіленген көрсеткiштер көлемiнде, зерттеу әдiстерiмен және мерзімділігімен ЖЖМ зертханасы жүргізуі мүмкін. Бақылау нәтижелерi бойынша ұсынылған сынаманы зерттеу кезiнде белгіленген параметрлермен көрсеткіштер талдауы берiледi. Сапа көрсеткіштерін талдау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. 39. АвиаЖЖМ, әуе кемесінің апаттық агрегеттарынан және істен шыққан агрегаттарынан алынған тұнбалардың және шөгiндiлердiң сапасын бақылау өзіне талдамалық химияның стандартталған және аспапты әдiстерiмен зерттеу жүргізуді және алынған нәтижелердің ӘК жүйелерiнде оны қалыпты пайдалану кезінде және iстен шыққан кезде авиаЖЖМ нақты түрінің нормативтік-техникалық құжаттама көрсеткіштерге сәйкестiгiн қамтиды. Авиациялық оқиғаны (оқыс оқиғаны) тексеретін комиссияның нұсқауы бойынша Тапсырыс берушіге талдаулары бар қорытындыларды бере отырып зерттеу объектілерін бақылауды ААҰ-ның ЖЖМ базалық зертханасы жүргізеді. 40. Тасымалдау, сақтау және құю құралдарынан авиаЖЖМ сынамалары авиаЖЖМ сапасын анықтау үшін іріктеп алынады. ӘК жүйелері мен агрегаттарынан іріктеп алынатын авиаЖЖМ сынамалары олардың тазалығы мен сапасының деңгейін, техникалық қызмет көрсету жөніндегі регламенттік жұмыстардың толық орындалуын және жүйелер мен агрегаттардың пайдалануға дайындығын анықтау үшін іріктеп алынады. 41. Тасымалдау, құю және авиаЖЖМ қоймаларын технологиялық жабдықтау құралдарынан сынамаларды іріктеп алуды ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметінің техникалық персоналы жүргізеді. ӘК жүйелері мен агрегаттарынан алынған сынамаларды іріктеп алуды ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметінің инженерлік-техникалық қызметкерлерін тарта отырып, инженерлік-авиация қызметінің техникалық құрамы жүргізеді. 42. Сынамалар: 1) нүктелiк; 2) бiрiктiрiлген; 3) түптік болып бөлінеді. Нүктелiк сынама - белгiленген іріктеп алу орнынан бiр ретте алынатын сынама. Бiрiктiрiлген сынама – авиаЖЖМ НҚ-да белгiленген ара қатынас көлемінде нүктелiк сынамаларды араластыру нәтижесiнде жасалған сынама. Түптік сынама – ыдыстың төменгі бөлігінен, құю құралының тұндырғышынан, сүзгіден, сүзгi-сепараторынан немесе резервуардың тұнбаны (сифон) төгетiн төменгi кранынан немесе құбыржолынан алынған нүктелік сынама. 43. АвиаЖЖМ-нің іріктеп алынатын сынамалары маңызды болуы тиiс. Сынамалар маңыздылығына: 1) орындарда белгiленген тәсiлмен және осы Қағидалардың 46, 47-тармақтарында белгіленген мерзiмдiлiкпен оның көлемiнiң белгiлi бөлiгiнен авиаЖЖМ-ның берілген санын іріктеумен; 2) сынамаларды арнайы дайындалған ыдысқа іріктеумен; 3) сынамаға қоса берілген құжаттаманың дәйектілігімен және қажетті көлемімен; 4) осы Қағидалардың 49-тармағымен белгілінген ыдыстың тығындап тұмшалануын сақтаумен және зерттеу, сақтау орнына жеткiзумен қол жеткізіледі. 44. АвиаЖЖМ сынамаларын төгу құрылғысы (отын құю, май құю ыдысының тұндырғыштары, сифондар, резервуар­лардың төменгi крандары, тазалау мен су бөлу құралдарының тұндырғыштары) арқылы іріктеп алған кезде алдын ала тұнбаны төгу, төгу краны толық ашық кезде бiртектi, бірақ кемінде 0,5 дм3 өнiмнiң пайда болуына дейiн жүргізіледі. 45. Зертханалық талдауларға арналған сынамалар көлемi авиация керосиндері мен авиация бензиндері үшiн кемінде 1,5 дм3, ал авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың қалған түрлерi үшiн кемінде 0,7 дм3 құрайды. Авиаотындар мен авиациялық майлардың тазалық деңгейiн көзбен шолып тексеру үшiн іріктеп алынатын сынама көлемi 0,5 – 0,8 дм3 құрайды. 46. АвиаЖЖМ сынамаларын іріктеп алу ААҰ-ның ЖЖМ зертханасы дайындаған ыдысқа (ыдыс-аяққа) алынуы тиiс, ол туралы сынаманы іріктеп алу актiсiнде тиiстi белгi қойылады. 47. Сынамалары бар бөтелкелер тығындармен немесе төсемдерi бар бұрамалық қақпақтармен нығыз жабылады, олардың материалдары авиаЖЖМ-да ерiмейді. Резеңке немесе қабықты қақпақтар қолданылған кезде оларды орау үшiн полиэтилен пленкасы пайдаланылады. Бөтелкенiң мойыны полиэтилен немесе басқа тығыз пленкамен оралады және жетек арқанмен байланады, оның ұштары заттаңба саңылауына өткiзiледi. Жетек арқанның ұштарын пломбылайды немесе картоннан, ағаштан немесе басқа материалдан жасалған пластинкада сүргіш (мастика) құяды және мөр басады. Бөтелкеге заттаңба жапсыруға жол беріледі. 48. Заттаңбада: 1) сынамаларды іріктеп алуды есепке алу журналы немесе сынамаларды тiркеу журналы бойынша сынама нөмiрi; 2) өнiмнiң атауы, маркасы; 3) резервуар нөмiрi, сынама қандай мөлшерде іріктеп алынғаны, ыдыстар, цистерналар партиясының нөмiрi, кеменің атауы, сынама іріктеп алынған танкiнiң нөмiрi; 4) сынама іріктеп алынған күн; 5) өнiмге авиаЖЖМ НҚ атауы; 6) сынаманы іріктеп алған және мөр басқан тұлғалардың тектері мен қолдары көрсетіледі. 49. Сынамаларды іріктеп алу осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиаЖЖМ сынамасын іріктеу актісімен ресімделеді. 50. Авиациялық оқиғалар мен тосын жағдайында авиаЖЖМ сынамаларын ӘК жүйесінің бөлшектері мен агрегаттарынан тұнбалар мен шөгінділерін іріктеп алу осы Қағидаларға 8-қосымшада жазылған. 51. Талдау үшін зертханаға келіп түскен авиаЖЖМ сынамалары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сынамаларды тіркеу журналында тіркеледі. Талдау үшін басқа зертханаға жіберілген сынамалар осы журналда тіркеледі. 52. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбе бойынша авиаЖЖМ сапасының физика-химиялық көрсеткіштерін талдау ЖЖМ зертханаларында орындалады. 53. АвиаЖЖМ сапасы мен тазалығына талдау жүргізу метрологиялық тексерілген өлшеу және сынау құралдарында жүргізіледі. ӘК-ге құюға беруге дайындалған авиаЖЖМ-нің тазалық деңгейiн тексеру отын сапасының индикаторын (бұдан әрі – ОСИ) пайдаланатын ПОЗ-Т құралының (ПЭК-Т индикаторының) көмегiмен жүргізіледі. Авиациялық майлардағы судың мөлшерi көзбен шолып және авиаЖЖМ НҚ бойынша «тырсылдату» әдiсiмен анықталады. АвиаЖЖМ тазалығының деңгейін көзбен шолу арқылы тексеру сынамаларды іріктеп алу орындарында (ЖЖМ қоймаларында, арнайы көліктер тұрағында, ұшу алаңдарында) жүргізілуі мүмкін. Авиаотынның тазалығы іріктеп алынған сынамасы бар әйнек цилиндрдi (арнаулы ыдыстарды) жарық сәулесiне қарата отырып, көзбен шолып тексередi. Отын сапасының индикаторымен авиаотындардың тазалық деңгейін анықтау осы Қағидаларға 10-қосымшада келтiрiлген. Майда механикалық қоспалардың болмауы таза құрғақ шыны ыдысқа алынған және 1:4 ара қатынасында Б-70 бензині немесе С-50/170 Нефрас қосылған сынамада тексеріледі. 54. АвиаЖЖМ сапасының физика-химиялық көрсеткiштерiнiң талдау нәтижелерi, егер олардың мөлшерi авиаЖЖМ НҚ-да нормативтік құжаттармен белгіленген мәндердің рұқсат ету шегiнiң мөлшерiнен аспаса, қанағаттанарлық деп саналады. Тазалықты тексерудің қанағаттанарлық нәтижелерi: көзбен шолып тексеру кезiнде көрiнетiн ластау бөлшектерiнің, мұз кристалдарының, су тамшыларының болмауы және/немесе ОСИ-дің сары қабатында кем дегенде екi көкшiл дақтың, ал ақ қабатында із бақылаудағыдан ашықтау болуы болып табылады. 55. ЖЖМ зертханасы орындаған авиаЖЖМ сынамаларын талдау нәтижелерi осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Талдауларды тіркеу журналына енгізіледі. Талдаудың реттiк нөмірі талдауға келіп түскен сынаманың нөмiрi бойынша сынамаларды тiркеу журналына жазылады. Журналдың «Қорытынды» деген бағанында «АвиаЖЖМ түрi беруге жарамды немесе жарамсыз» деп жазылады. Май қоспаларын немесе СКҚ сұйықтықтары қоспаларын талдау кезiнде май қоспасының маркасы немесе СКҚ сұйықтықтары қоспасының құрамы көрсетіле отырып, «Қоспа нормативтерiне сәйкес келедi (сәйкес келмейдi)» деп жазылады. Қорытындыға талдауды орындаған техник-зертханашы және зертхананың инженер-басшысы немесе оған ААҰ басшысының өкімімен осы мiндеттер жүктелген басқа жауапты тұлға қол қояды. 56. Сынамаларға талдау жүргізу кезiнде жазбалар мен есептеулер техник-зертханашылардың жұмыс журналында жазылады. Бұл жазбаларды жеке парақтарда жүргiзуге жол берілмейді. 57. Жаппай анықтаулар (авиациялық керосиндегi СКҚ сұйықтығының құрамын, авиамайларда судың болмауын тексеру) нәтижелерiн жазу үшiн бөлек журналдар жүргiзуге рұқсат етiледi. Арнаулы сұйықтықтар талдаулар тіркеу журналының нысаны осы Қағидаларға 11-қосымшада келтiрiлген. 58. Қабылдау бақылау көлемiнде авиаЖЖМ сапасын талдаудың қанағаттанарлық нәтижелерi кезінде ЖЖМ зертханасы Сапа паспортын береді. Сапа паспортына зертхана басшысы (немесе оны ауыстыратын тұлға), талдауларды жүргiзген орындаушы қол қояды, және зертхананың немесе ЖЖМҰ-ның мөрiмен куәландырады. 59. ӘК жүйелерiнен алынған авиаЖЖМ-ді талдау авиаЖЖМ-нің барлық техникалық параметрлері бойынша жүргізіледі. Егер бақыланатын өлшемдердің көлеміне қол жеткізілмеген жағдайда, сынамалар АА-ның базалық зертханасына зерттеуге жіберіледі. 60. ЖЖМ зертханасында жұмсалатын және сақталатын авиаЖЖМ-ге берілген талдаулардың, сондай-ақ уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мен қону алаңшаларына берілген авиаЖЖМ талдауларының жарамдылық мерзімдеріне бақылау кестесі жүргізіледі. 61. АвиаЖЖМ-ды уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мен қону алаңшаларына жіберу кезiнде ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметі басшысының қолымен және мөрімен куәландыратын жiберушi ұйымның ЖЖМ зертханасы Сапа паспортының көшірмесін береді. 62. Сынамаларды іріктеп алу актiлерi, сапа паспорты және сәйкестік сертификаттары, дайындаушының (өнім берушінің) паспорты, авиаЖЖМ-нің әр партиясынан бір-бір данадан өнімнің осы партиясы жұмсалғаннан кейін кем дегенде үш ай ішінде зертханада сақталады. 63. Техник-зертханашылардың ауысымдық жұмысы кезiнде зертханада ауысымдарды тапсыру журналы жүргiзiледі, онда еркiн түрде мынадай деректер жазылады: 1) келіп түскен авиаЖЖМ және оның сапалық жай-күйі; 2) ауысым аяғында аяқталмай қалған сынамалар талдауы; 3) беру жүргізілетін авиаЖЖМ маркалары бойынша шығыс резервуарларының нөмiрлерi; 4) авиаЖЖМ-ға берiлген талдау нөмiрлерi; 5) зертханалық жабдықтың жай-күйi. 64. Тазартылған суды дайындау және сапасын бақылау тәртібі осы Қағидаларға 12-қосымшада келтірілген. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидасына 1-қосымша Қазақстан Республикасы азаматтық авиация ұйымдарында авиаЖЖМ-нің сапасын бақылау БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ КІРІС ҚАБЫЛДАУ Талдаулар Тексерулер Мерзім-ділігі Қоймаға қабылдау үшін негіз Талдаулар Тексерулер Мерзім-ділігі Құюға дайындау үшін негіз 1 2 3 4 5 6 7 8 АВИАЦИЯЛЫҚ КЕРОСИН Салмақтық тығыздығы Қабылдау резервуа-рындағы және жеткізу құралда-рындағы тазалығы. Сыртқы түрі. Ілеспе құжат-тама. Дайын-даушының (өнім берушінің) паспорты Әр пар-тияның келіп түсуі және оны қабылдау кезінде Талдау мен тексеру-лерді орындау нәтиже-лері бойынша шешім Салмақтық тығыздығы Фракциялық құрамы. Тұтқырлықтары. Қышқылдары. Жабық тигельдегі оталу температурасы. Кристалдануы басталған кездегі температу-расы.* Нақты шайырдың құрамы. ВКЩ-ның сумен өзара іс-қимылы Резер-вуардағы тазалық. Талдау нәтиже-лерінің және дайын-даушының (өнім берушінің) паспор-тының және авиаЖЖМ НҚ-ның сәйкес келуі Толтыру (қабылдау) аяқталғаннан) кейін Басқа партия өнімін әр үстемелеп құюдан кейін. 12 айдан кейін. Сапа паспор-тының қорытың-дысы АВИАЦИЯЛЫҚ БЕНЗИН 1 2 3 4 5 6 7 8 Салмақтық тығыздығы Қабылдау резервуарын-дағы және жеткізу құрал-дарындағы тазалығы. Түстері мен ашықтығы. Ілеспе құжаттама. Дайыңдаушының (өнім берушінің) паспорты Әр партияның келіп түсуі және оны қабылдау кезінде Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім Салмақтық тығыздығы ОЭЖ құрамы. Фракциялық құрамы. Нақты шайырдың мөлшері. ВКЩ-ның құрамы Резервуардағы тазалық. Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім беру-шінің) паспортының және авиа ЖЖМ НҚ-ның сәйкес келуі Резервуарды толтыру (қабылдау аяқталғаннан) аяқталғаннан кейін 12 айдан кейін. Сапа паспортының қорытынды сы БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ ҚОЙМАЛЫҚ ӘУЕАЙЛАҚТЫҚ Талдаулар Тексерулер Мерзім-ділігі Қоймаға қабылдау үшін негіз Талдаулар Тексерулер Мерзім-ділігі Құюға дайындау үшін негіз АВИАЦИЯЛЫҚ КЕРОСИН Салмақтық тығыздығы Фракциялық құрамы. Жабық тигельдегі оталу температурасы. Суда ерігіш қышқылдардың мөлшері Резервуардағы тазалық. Талдау нәтижелерінің өнімге авиаЖЖМ НҚ-ға және жарамдылық талдауына сәйкес келуі 6 айдан кейін Талдау нәтижелері журналындағы қорытынды Салмақтық тығыздығы СКҚЖ-ның мөлшері Шығыс резервуарындағы, тазарту және құю құралындағы тазалық. Осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес Бақылау талонының болуы АВИАЦИЯЛЫҚ БЕНЗИН Салмақтық тығыздығы. Октандық сан.** Фракциялық құрамы. Нақты шайырдың құрамы. ВКЩ-ның құрамы Қабылдау резервуарындағы және жеткізу құралындағы тазалығы. Түстері мен ашықтығы. Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының авиаЖЖМ НҚ сәйкес келуі 6 айдан кейін Талдау нәтижелері журналындағы қорытынды Салмақтық тығыздығы Шығыс резервуарындағы, тазарту және құю құралындағы тазалығы. Осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес. Бақылау талонының болуы 1 2 3 4 5 6 7 8 АВИАЦИЯЛЫҚ МАЙЛАР Салмақтық тығыздығы Қабылдау резервуардағы және жеткізу құралындағы тазалы ғы. Түстері мен ашықтығы. Талдау нәтиже-лерінің және дайындаушының (өнім беруші нің) паспортының және авиаЖЖМ НҚ сәйкес келуі Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім Салмақтық тығыздығы. Судың мөлшері. Мехқоспалар. Тұтқырлығы. Жабық тигельдегі(немесе жабық) оталу температурасы. Консуемосттар.*** ВКЩ-ның құрамы Резервуардағы тазалы ғы. Талдау нәтижелерінің дайындаушының (өнім берушінің) паспортына немесе май қоспалары талаптарына сәйкес келуі Қабылдау (резервуарды толтыру, май қоспаларын дайындау кезін де) аяқталғаннан кейін. Басқа партия өнімін әр үстемелеп құюдан кейін. 12 айдан кейін. Сапа паспортының қорытындысы ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАРМАЙЛАР Жүргізілмейді Ілеспе құжаттама. Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім Сыртқы түрі Судың құрамы. Мехқоспа-лардың құрамы. Тамшылау *** темпе ратурасы. Еркін сілтілер мен органикалық қышқылдардың құрамы. Колиодті (егер ТУ-да көздел се) тұрақтыл ығы. Ыдыстарды сақтауы. Кепілдік мерзімі Ыдыстардың тұмшалануы бұзылған кезде Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты. Сапа паспорты. СКҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ Салмақтықтығыздығы. Судың құрамы. Еритін ластаушылардың құрамы. Еритін металдардың құрамы Сыртқы түрі. Ілеспе құжат-тама. Талдау нәтижелері мен дайындаушы (өнім беруші) паспортының сәйкес келуі. Дайындаушының (өнім берушінің паспорты) Қабылдау құбыржолында СҚҚС қалдықтарының болмауы. Әр паспорттыңкеліп түсуі және оны қабылдау кезінде Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім Салмақтық тығыздығы. Судың құрамы. Еритін ластаушылардың құрамы. Еритін ластаушылардың болуы. Еритін металдарды қосу құрамы. Мехқоспалар. Талдау нәтижелері мен дайындаушы (өнім беруші) паспортының сәйкес келуі. Резервуарды толтыру аяқталғаннан (қабылдау аяқталғаннан) кейін. Басқа партия өнімін үстемелеп құюдан кейін. 6 айдан кейін. Сапа паспортының қорытындысы АВИА МАЙЛАР Салмақтықтығыздығы. Тұтқырлы ғы. Ашық (жабық) тигельдегі оталу температурасы. ВКЩ-ның құрамы Резервуардағы тазалығы. Талдау нәтижелерінің ТУ, авиаЖЖМ НҚ талаптарына немесе май қоспалары талаптарына сәйкес келуі. Жарамдылық талдауына сәйкес келуі. 6 айдан кейін. Қабылдау мен қоймалық бақылауды жүргізу арасындағы аралықта жұмсалуы туралы шешім қабылдау кезінде. Жарамдылық талдауының қорытындысы Салмақтық тығыздығы. Шығыс резервуарындағы (май станциясы бойлеріндегі) тазалығы, МҚ. Бақылау талонының болуы. ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАРМАЙЛАР Жүргізілмейді Ыдыстарды сақтауы. Кепілдік мерзімі. 10 күнде 1 рет. Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім Жүргізілмейді Жүргізілмейді Жүргізілмейді Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты. СКҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ Салмақтықтығыздылығы. Судың құрамы Сыртқы түрі. Талдау нәтижелерінің өнімге авиаЖЖМ НҚ-ға және беруге жарамдылық талдауына сәйкес келуі 3 айдан кейін. Қабылдау мен қоймалық